Архив событий

15/03/2017

Сандықтау аудандық соты аудандық пробация қызметінің 12 ұсынысын қанағаттандырды

15/03/2017

Ақмола облысы Сандықтау ауднадық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолданумен Сандықтау ауданының пробация қызметінен түскен 12 материал қаралды.

Сандықтау ауданының пробация қызметінің 12 ұсыныстары  қанағаттандырылды.

Бурабай аудандық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтары талқыланды

15/03/2017

Бурабай аудандық сотында «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбымен прокуратура өкілдері, мемлекеттік сот орындаушылары және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «дөңгелек үстел өтті».

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар айыппұл түрінде жаза тағайындалған үкімдерді орындау бойынша сұрақтарын талқылады.

Сот кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

15/03/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін азамат З-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, азамат З. азамат У-ның кәмелетке толмағандығын біле тұра, 23.00 сағаттан кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына жол беріп, онымен алкогольдік ішімдік ішіп, заңды өкілінің рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының шегінен, яғни Омбы қаласына шығып кеткенін анықтады.