Архив событий

17/03/2017

Екі ер азамат тонау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

17/03/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты Степногорск қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, екі ер азамат алкогольдік масаң күйде азамат Н-ның басынан соққы жасап, тонаған, яғни азамат Н-ның чемоданындағы жұмысқа арналған құралдарын және ұялы телефонын ұрлаған.

Сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

17/03/2017

Ақмола облысы  Бұланды аудандық сотында қылмыстық істер бойынша медиация институты белсенді қолданылады.

Мысалы, Бұланды аудандық соты ұрлық жасады деп айыптау бойынша  азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. теміржол бойымен келе жатып,  заттары бар спорт сөмкені ұрлаған және осы әрекетімен жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Целиноград аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыртудың сапасын талқылау бойынша семинар өтті

17/03/2017

Целиноград аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру кезінде туындайтын сұрақтар» тақырыбында Целиноград ауданының жергілікті полиция өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеуді қолдану туралы 41 материал қаралды

17/03/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың басынан жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеуді қолдану туралы 41 материал қаралды.

Сотпен Көкшетау қаласының 41 тұрғынның жеке басын куәландыратын құжаты, тұрғылықты мекен-жайы жоқ және қаңғыбастық өмір сүретіні анықталды.

Азаматтық іс сот медиациясы тәртібімен қаралды

17/03/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотына азамат Б. азамат Т-ға берешекті  өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінді.

Сотта тараптар келесі шарттар негізінде медиативтік келісім жасалды: азамат Т. азамат Б-ға берешек сомасын өтуге міндеттенді, ал азамат Б. берешекті өндіріп алу  туралы талап арыздан  бас тартады.

Сот  ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс  бойынша  өндіріс тоқтатылды.  

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

 

Баланы күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы азаматтық іс сот медиацияны қолданумен қаралды

17/03/2017

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. ҚР Азаматтық процестік кодексінің 179 және 180-баптарына сәйкес, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі.

Астрахан аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

17/03/2017

Астрахан аудандық сотының төрағасы А.Ан аудан тұрғындары үшін "Медиация-дауларды шешудің балама тәсілі" тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күні» аудандық сотқа азаматтық процестік заңнама нормалары туралы сұрақтар бойынша азаматтар жүгінді. Барлық сұрақтар мен өтініштер сот актілерінің орындалуы мен медиацияны қолданудың негізі және оның артықшылықтарына байланысты болды.

Аудандық сотқа келген адамдардың сұрақтарына сот төрағасы түсініктемелер берді.

Шортанды аудандық сотында «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

17/03/2017

Шортанды аудандық сотында аудандық әкімдік, прокуратура, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және «Медиацияны дамыту» орталығының кәсіби медиатордың қатысуымен «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Сабаева дауларды  медиация тәртібімен реттеудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап, Жоғарғы Соттың даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде Пилоттық жобаның Ережелерін түсіндірді.