Архив событий

18/03/2017

Ақмола облыстық сотында Наурыз мейрамы өтті

18/03/2017

Ақмола облыстық сотының судьялары мен қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов судьялар ұжымы мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтап, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің көріністеріне қатысты.

Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасында Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу мен сақтау бойынша байқау өткізілді. Атап айтқанда ең үздік ұлттық киім, ең үздік ұлттық тағам, ең үздік ұлттық ән мен би.

Бурабай аудандық сотында қылмыстық материалдарды дайындау және сотқа жолдау сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/03/2017

Бурабай аудандық сотында қылмыстық материалдарды дайындау және сотқа жолдау сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға сот төрағасы, судьялар, сот қызметкерлері, Бурабай ауданының әкімшілігі, пробация қызметі,  ІІБ-нің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысына қатысушылар сотталушыларға қатысты қылмыстық материалдарды дайындау сапасы және сотқа жолдау сұрақтарын талқылады.

Сот кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті

18/03/2017

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотына азамат Р. кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау үшін азаматша Қ-ға талап арызымен жүгінген.

Сотта тараптар медиативтік келісімді келесі шарттар бойынша жасады: азаматша Қ. өз балаларымен тұрады, ал азамат Р. балаларымен қарым-қатынас жасап, апта сайын оларды өз үйіне алуға міндеттенеді және талап арызынан бас тартады. Азаматша Қ. оған талабы жоқ екенін көрсетті.  

Сот ұйғарымымен медиативтік келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

18/03/2017

Зеренді аудандық сотында азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, жетпіс жастағы азаматша В. қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тыйым салынған заттарды өткізуге тйым салу туралы хабарланған бола тұра, кездесу бөлмесіне ақшаны өткізбек болған. 

Сандықтау аудандық сотында коммуналдық қарызды өндіріп алу туралы сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/03/2017

Сандықтау аудандық сотында коммуналдық қарызды өндіріп алу туралы «Қазақтелеком» АҚ-ы, «Шаңтөбе-энергокомплекс» ЖШС-нің өкілдері және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сандықтау аудандық сотының төрағасы А.Аймұхамедов, «Медиация» ҚР Заңының нормалары, әлеуметтік саладағы азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғағанда, жанжал мен даулардың қауырттылығының төмендететіндігін атап өтті. Медиацияны енгізумен азаматтарда дауларды бейбіт жолмен реттеуге деген сенім пайда болды.

Сотта әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкәмшілік іс бойынша өндіріс тоқтатылды

18/03/2017

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 28-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға жатады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті

18/03/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атқарушылық құжаттарды орындауға электронды түрде жолдау сұрақтарын талқылау бойынша үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының бас маманы Маржан Калижанова,  "Бұлак" Қоғамдық қорының басшысы Алина Малахова, судьялар, кеңсе меңгерушісі, кеңсе қызметкерлері және сот отырысының хатшылары қатысты.

Бұланды аудандық сотында Пилоттық жобаны түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/03/2017

Бұланды аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде Пилоттық жобаны түсіндіру, татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына аудандық прокуратура, аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, адвокаттар, кәсіби медиатор, судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиацияны қолданумен 5 азаматтық іс қаралды

18/03/2017

2017 жылдың ақпан айында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиацияны қолданумен 5 азаматтық іс, оның ішінде Пилоттық жоба шеңберінде 1 азаматтық іс қаралды.

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтарына қатысты 27 әкімшілік іс қарады

18/03/2017

2017  жылдың  басынан Ақмола облысы Шортанды аудандық соты  Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетел  азаматтарына  қатысты  27 әкімшілік іс қарады

Сотпен,  27 шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келіп, көші-қон полициясы органдарында  тіркелмегені анықталды. Осы әрекетімен, шетел азаматтары әкімшілік құқық бұзушылықтар  жасаған.

Сот еңбек өтілінің заңды фактісін анықтау туралы өтінішті қанағаттандырды

18/03/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотына азамат Р. еңбек өтілінің заңды фактісін анықтау турлы өтінішпен жүгінген.

Сот анықтағандай, азамат Р. 1971 жылдан 1999 жылға дейін Алексеевка аудандық Мәдениет үйінде әдіскер және басшы болып қызмет атқарып, еңбек кітапшасында көрсетілген еңбек өтілі туралы деректер жоғалған. Осыған байланысты, азамат Р. еңбек өтілінің фактісін анықтау турлы сотқа жүгінген.