Архив событий

24/03/2017

Сотта тараптар медиативтік келісім жасады

24/03/2017

Ақмола облыс Шортандық аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат П. алкогольдік масаң күйде анасына былапыт сөйлеп, оның қадір-қасиетін қорлаған.

Ақмола облысында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен сотты құрметтемеушілік үшін 6 азаматқа әкiмшiлiк жазалар тағайындалды

24/03/2017

2017 жылдың басынан Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында, сотқа шақыру қағазы және хабарлау бойынша дәлелді себептерсіз келмеу, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбау, сотта белгіленген қағидаларды бұзу, сондай-ақ сотты немесе судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер үшін 6 сот отырысына қатысушыларға қатысты әкімшілік істер қаралған.

Зеренді аудандық сотында Пилоттық жобаны түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

24/03/2017

Зеренді аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу Пилоттық жобаны түсіндіру бойынша судьялардың және кәсіби емес медиатордың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

24/03/2017

Ақмола облысы Егіндікол аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Б. бір жыл ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде болып екі рет әкімшілік жазаға тартылған, кейін қоғамдық орындарда масаң күйде қайта жүрген.

Қорғалжын аудандық сотында медиация туралы Пилоттық жобаның ережелерін түсіндірді

24/03/2017

Қорғалжын аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіру бойынша аудан әкімдігі, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің, кәсіби емес медиатордың және Қорғалжын ауданының тұрғындарының қатысуымен семинар өтті.