Архив событий

30/03/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде мамандар үшін семинар өтті

30/03/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде мамандар үшін Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов, Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова, облыстық сот кеңсесінің меңгерушісі С.Шуақпаева және құрылымдық бөлімшелер басшылардың қатысуымен семинар өтті.

Сот ер азаматқа отбасы –тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

30/03/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат У. үйде алкогольдік масаң күйде болып, өзінің зайыбына былапыт сөздер сөйлеген. Осы әрекетімен, азамат У. зайыбына құрметтемушілік көрсетіп, үй ішіндегі тыныштығын бұзған.

Сот Ресей Федерациясының азаматшасына Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

30/03/2017

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азаматша С. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, көші-қон қызметінде келу себебін жеке сапар мақсатымен деп  көрсетіп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, пәтерлерді жөндеумен айналысқан. Осы әрекетімен, азаматша С. шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

«ҚР-ның Судьялар Одағы» РҚБ-гі Ақмола филиалының төрағасы Бауыржан Баймырзин Құрмет грамотамен марапатталды

30/03/2017

«Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметіне белсене қатысып, заңды басылымдар бойынша жазылыстық кампаниясында жоғары көрсеткіштері үшін «ҚР Судьялар Одағы» Ақмола филиалының төрағасы Бауыржан Баймырзин Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапаттау Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің отырысында ҚР Судьялар одағының төрағасы М.Әлімбековтің қатысуымен өтті. 

Қорғалжын аудандық сотының судьялары медиация туралы Пилоттық жобанының ережелерін түсіндірді

30/03/2017

Қорғалжын ауданындық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтті.  

Семинарға судьялар, әкімдік, кәсіпкерлер палатасы, БАҚ өкілдері, кәсіби емес медиаторлар және аудан тұрғындары қатысты.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде сот орындаушыларымен өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті

30/03/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов Әділет департаментінің өкілдері және сот орындаушыларымен өзара электронды – ақпараттық әрекеттесу сұрақтарын талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.