Архив событий

31/03/2017

Сот берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімді бекітті

31/03/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында жеке кәсіпкердің азамат Е-ден
берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер азамат Е-мен құрылыс ағаштарын жалға беру туралы шарт жасаған және одан алдын-ала 40 000 теңге қаражатын алған. Қалған берешекті азамат Е. өтемеді.

Ерейментау аудандық сотында қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімі бекітілді

31/03/2017

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотына азамат Ж. азаматша В-дан қарызды өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот анықтағандай, азаматша В. азамат  Ж-дан қаражатты алып, үйді сатуға уәде берген. Бірақ, азаматша В. қойылған шартты орындамады. Сондықтан, азамат Ж. сотқа жүгінген.

Сотта тараптар татуласу келісімді келесі шарттар бойынша жасады: азаматша В. қарызды толық көлемінде өтеуге, ал азамат Ж. қарыз сомасын алуға міндеттенеді.

Жақсы аудандық сотында Ашық есік күні өтті

31/03/2017

Жақсы аудандық сотының төрағасы А. Жақыпов аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күні аудандық сотқа азаматтық процестік заңнама нормаларын түсіндіру сұрақтары бойынша азаматтар жүгінді. Барлық сұрақтар еңбек өтілін анықтаумен байланысты болды.

Аудандық сотқа келген келушілердің сұрақтарына сот төрағасы түсінідірмелер берді.

Ашық есік күнін өткізудің негізгі мақсаты - соттардың ашықтығы мен қолжетілімдігін қамтамасыз ету. 

Зеренді аудандық сотында судьялар мен адвокаттар «дөңгелек үстел» өткізді

31/03/2017

Зеренді аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша судьялар мен адвокаттардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Қ.Шаймергенов пен К.Шолпанқұлова Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтті.

Сот халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

31/03/2017

Жарқайың аудандық сотында мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарымен берілген заңды талаптарды және нұсқамаларды тиiсiнше орындамағаны үшін «К» ШЖҚ МКК-нің директорына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, «К» ШЖҚ МКК-нің директоры халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарының бұзушылықтарын жою бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде Жарқайың аудандық басқармасымен берілген нұсқаманы тиiсiнше орындамаған.

Сот сапасыз тауардың сомасын тұтынушының пайдасына өндіріп берді

31/03/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотына азаматша Б. «Қ» ЖШС-не тауарды  ауыстырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы және сапасыз тауарды ұқсас тауарға ауыстыруды міндеттеу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот анықтағандай, азаматша Б. ұялы телефонды ұялы байланыс салонынан сатып алған, бірақ 2 аптадан кейін сатып алған тауар істен шықты. Сапасыз тауарды ауыстыру үшін «Қ» ЖШС-не жүгінген кезде, ол бас тарқан. Сондықтан, азаматша Б. сотқа жүгінді. Сотпен сараптама тағайындалып, зауыттық ақауы анықталды.