Архив событий

03/04/2017

Ақмола облысының Бұланды аудандық сотында алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін құқықбұзушыларға қатысты 13 әкімшілік іс қаралды

03/04/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Жақсы аудандық сотында дауды партисипативтік рәсімін қолданумен қарау сұрақтары талқыланды

03/04/2017

Жақсы аудандық сотында азаматтық істер бойынша партисипативтік рәсімдерін қолдануды түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Жақсы аудандық сотының төрағасы А. Жакыпов,  адвокаттар Б. Бралин, К. Калыков және сот қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын аша отырып, аудандық сотының төрағасы сот істерде партисипативтік тәртіпті қолданудың артықшылығы мен басымдылығын атап өтті. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдірді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 205 жүргізушіні жол- көлiк оқиғасына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

03/04/2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 205 жүргiзушіге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Есіл аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

03/04/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында «Соттарда жана ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарға  «Есіл жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және сот қызметкерлері қатысты.

Судья А. Жұмабекова өз сөзінде, соттарда құжат айналымының жүйесі жетілдіріліп, сот жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады деп атап өтті.