Архив событий

14/04/2017

Ақмола облыстық соты Ш.Уәлиханов атындағы Университетімен бірлесіп студенттермен кездесу өткізді

14/04/2017

Жоғарғы оқу орындарында құқықтық сауаттылық айлығын өткізу аясында Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де дәріс сабағын өткізді.

Облыстық сот төрағасының дәрісіне университеттің оқытушы-профессорлар мен студенттері құрамынан 200 тыңдаушы жиналды.

Н.Әбдіқанов тыңдаушыларға Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланың стратегиялық бағыттары жөнінде айтып, әрбір қазақстандық үшін мақаланың маңыздылығын атап өтті.

Ақмола облысының судьялар корпусы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады

14/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында судьялармен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады.

Облыстық сот төрағасы судьялар корпусымен мақаланың идеялогиялық концепциясы және оның стратегиялық бағыттарын талқылады. Н.Әбдіқанов, Елбасы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мақсатына қолжеткізу барлық Қазақстан халқының бәсекеге қабілеттілігі арқылы, яғни рухани жаңғыру арқылы, жеткізуді мақсат етіп қойғанын атап өтті.  

Зеренді аудандық сотында ішкі істер бөлімі мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

14/04/2017

Зеренді аудандық сотында судьялар, прокуратура өкілдерінің және учаскелік инспекторлардың қатысуымен әкімшілік істерді қараудың сот тәжірбиесін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» әкімшілік заңнама талаптарын мүлтіксіз орындауды, қабылданатын шешімдердің заңдылығына жеке жауапкершілік, әкімшілік құрамның болмауына байланысты немесе мерзімнің өтуіне байланысты әкімшілік іс бойынша өндірісті тоқтату және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Жақсы аудандық сотында 2017 жылдың І тоқсанындағы соттың жұмысы қорытындыланды

14/04/2017

2017 жылдың І тоқсанында Жақсы аудандық соты 37 азаматтық іс қарады, оның ішінде 4 іс медиативтік келісім жасаумен қаралды.

Сотпен 16 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 4 іс медиацияны қолданумен. Тергеу судьямен 9 өтініш хат қаралды.

Сотта 50 құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қаралып, келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 20 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл, 19 құқық бұзушыға әкімшілік қамаққа алу, 9 құқық бұзушы арнайы құқықтан айырылды, 2 құқық бұзушыға ескерту шығарылды.

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «дөңгелек үстел» өтті

14/04/2017

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Атқарушылық іс жүргізудің сұрақтары бойынша материалдарды қараудың сот практикасының ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Кездесуге судьялар және Көкшетау қаласының аумақтық бөлімінің сот орындаушылар қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» басында атқарушылық іс-жүргізудің сұрақтары бойынша істерді қаралған кезінде туындайтын мәселелер талқыланды.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

Сот билік өкіліне бағынбағаны үшін айыппұл тағайындады

14/04/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотында билік өкіліне бағынбағаны үшін айыпталған азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай азамат Ш. масаң күйде бола тұра, Ақкөл қаласында автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерінің тоқтатқан заңды талаптарына  мән бермеген.