Архив событий

18/04/2017

Қорғалжын аудандық сотында «дөнгелек үстел» өтті

18/04/2017

Қорғалжын аудандық cотында құжаттарды мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты және уақытша сақтауға тапсыру, қалыптастыру тәртібін, іріктеу, есепке алу қағидаларын қолдану мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» сот қызметкерлері және Қорғалжын ауданы мемлекеттік мұрағатының мамандары қатысты.

Егіндікөл аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 7 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

18/04/2017

2017 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 7 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды, олардың ішінде 4 жүргізуші алкогольдік масаң күйде  және 2 жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.

Сандықтау аудандық сотында прокуратура және пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен семинар сабақ өтті

18/04/2017

Сандықтау аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану мәселелері жөнінде семинар сабақ өтті.

Семинарға сот төрағасы, Сандықтау ауданының прокуратурасы мен пробация қызметінің өкілдері қатысты.

Целиноград аудандық сотында ішкі істер бөлімі мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

18/04/2017

Целиноград аудандық сотында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен бірінші сатыдағы сотқа қылмыстық істерді жолдау мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ашық есік күнін» өткізеді

18/04/2017

2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00-де Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері үшін  «Ашық есік  күнін»  өткізеді.

Аталған іс-шара аясында әкімшілік іс бойынша сот процессінің көрсетілімі және сот жұмысымен таныстыру жоспарланған.

Өткізетін орны: Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 46 «А».

 

Сот азаматтың арнайы қоныста болу фактін анықтап, оны саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп таныды

18/04/2017

Бұланды аудандық сотына азамат Д. арнайы қоныста болғаны туралы фактіні анықтап, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп тану туралы арызымен жүгінген.

Сотпен азамат Д. 1954 жылы әкесі арнайы қоныста болған уақытта туылғаны анықталды. Алайда мұрағатта бұндай деректер жоқ.

Оңалту анықтамаға, азамат Д-ның туу туралы куәлігіне және мұрағат анықтамасына сәйкес 1941 жылдың қыркүйегінде оның әкесі Саратов облысынан Ақмола облысының Сталин ауданына көшірілген және арнайы есебінде тұрған.