Архив событий

19/04/2017

Көкшетау қалалық соты дөңгелек үстел өткізеді

19/04/2017

2017 жылдың 24  сәуірі сағат 15.00-де Көкшетау қалалық соты Көкшетау қалалық прокуратура, Әділет департаменті және жеке сот орындаушылар аумақтық палатасы өкілдерінің қатысуымен «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Еңбекшілдер аудандық сотында Пилоттық жобаны талқылады

19/04/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби  медиаторлар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әйелге әкімшілік айыппұл тағайындады

19/04/2017

Ақмола облысы Еңбекшілдер  аудандық сотында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азаматша Ж. кәмелетке толмаған екі баласының анасы бола тұра, оларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған. Әйел адам жие масаң күйде болып, балалардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасамай, үйде снитариялық-гигиеналық нормаларын сақтамайды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның әрекеттеріне 35 шағым қаралды

19/04/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44-тарауына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Осы Кодекстің тарауы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағым жасауға мүмкіндік беріледі.

Сот шешімін орындамағаны үшін сот әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

19/04/2017

Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотында сот шешімін орындамағаны үшін азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бұйрығымен азаматша А-дан кәмелетке толмаған ұлын асырауға алимент өндірілген және атқарушылық өндіріс қозғалған. Алайда, азаматша А. сот шешімін орындамаған.

Егіндікөл аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

19/04/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында  «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Іс шараға  «Егіндікөл жастары»  Жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілер орталығының  өкілдері  және сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Б.Жазит «дөңгелек үстел» қатысушыларына  соттарда құжат айналымының жүйесі жетілдіріліп, сот жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар қолданылатынын айтты.

Сот шешімімен жеке кәсіпкердің пайдасына берешек пен тұрақсыздық төлемі өндірілді

19/04/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан берешек пен тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы жеке кәсіпкердің талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер мен «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арасында қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Астрахан аудандық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын талқылау бойынша семинар өтті

19/04/2017
Астрахан аудандық сотының төрағасы А.Ан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын талқылау бойынша судьялар және сот мамандарымен семинар өткізді.
Сот төрағасы Президенттің бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен тапсырмалары туралы айтып өтті.

Ақкөл аудандық сотында медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаны іске асыру жөнінде «дөңгелек үстел» өтті

19/04/2017

Ақкөл аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша  Ақкөл ауданының  кәсіпкерлер,  Ақкөл ауданы бойынша  Ауған  соғысы ардагерлері және мүгедектері одағы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Ақмола облысы соттарында азаматтық және қылмыстық істер медиацияны қолданумен қаралды

19/04/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық және қылмыстық істерді қарауда медиация институты белсенді қолданылып келеді.

Мысалы, медативтік келісім жасауымен Бурабай аудандық сотында жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиацияны қолданумен айыпты өндiрiп алу туралы азаматтық іс қаралды.