Архив событий

21/04/2017

Жүргізуші тиісті рұқсатсыз жолаушыларды тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды

21/04/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, азамат А. міндетті түрдегі рұқсатты алмай және хабарлама жібермей жолаушыларды тасымалдау түріндегі кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны анықталған.

Бұланды аудандық сотында ҮЕҰ- ы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

21/04/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында  «Сотта жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбына үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Іс шараға аудандық прокуратура, АІІБ өкілдері, адвокаттар, «Надежда» тутынушылар құқықтарын қорғау қоғамы және «Бұланды-Жастары» қоғамдық бірлестігі өкілдері, аудандық сотының судьялары қатысты.

Сот қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

21/04/2017

Акмола облысы Жарқайын аудандық сотында атқарушылық құжаттарды және сот қаулысын орындамағаны үшін азаматша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, азаматша М. Әділет Департаментінің аумақтық бөлімімен қозғалған атқарушылық өндіріс бойынша борышкер болып табылатынын, сот қаулысын орындамай, әкімшілік айыппұлды төлемегені анықталды.

Сот алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

21/04/2017

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер сағат 11.00-де екі азаматқа алкоголь өнімін сатқан. Осы әрекетімен этил спиртінің көлемді үлесі 30% асатындарын сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге дейін өткізіп, алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзған.

Ақмола облыстық сотының төрағасы «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысымен кездесу өткізді

21/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің жұмыс жасауын жетілдірудің бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысы Любовь Рубежанскаямен кездесу өткізді.

Кездесу «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру жүйесінің жұмысын жақсарту және аз қамтылған  топтарға білікті заң көмегін алуға қолжетімділік деңгейін арттыру» жобасын іске асыру аясында өткізілді.

Сандықтау аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

21/04/2017

Сандықтау аудандық сотында  жиырма бір жасқа дейінгі жастарға алкоголь өнімін өткізгені үшін С. азаматшаға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Сотпен  азаматша С. Сандықтау ауданында дүкенші бола тұра жиырма бір жасқа толмаған азаматқа алкогольдік өнім сатқаны анықталды.