Архив событий

26/04/2017

Аршалы аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

26/04/2017

Аршалы аудандық сотының төрағасы Б.Нұрмағамбетов «Азаматтық істер бойынша оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында, судьялармен және «АРЭК Энергосбыт» ЖШС-нің, «Аршалы Су 2030» мекемесінің, «Казахтелеком» АҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелде» судьялар Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 145-бабындағы оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер  нормасын түсіндіріп, сонымен қатар ЖШС-і өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.