Архив событий

02/05/2017

Сот әкімшілік қадағалау мен бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

02/05/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында бұрын соттылығы бар азамат Б-ға қатысты бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Б.  Жарқайын  ауданын ішкі істер бөліміне тіркеуге келмей, Жарқайын ауданының ішкі істер бөлімінің қаулысында көрсетілген оған қатысты шектеулерді бұзған.

Қорғалжын аудандық сотының судьялары мен прокуратура өкілдері «дөңгелек үстел» басында кездесті

02/05/2017

Қорғалжын аудандық сотының судьялары мен прокуратура өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, Әділет басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы,  әкімдік, Төтенше жағдайлар бөлімі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи  қорығы және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың өкілдері қатысты.