Архив событий

11/05/2017

Ақмола облысында сот пен БАҚ «Заң және қоғам» басылымының шығаруын ұйымдастырды

11/05/2017

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты «Ақмола Жаршысы» аудандық газетімен бірлесіп «Заң және қоғам» айдарымен қосымша басылым бетін ұйымдастырды.

Аталған басылым азаматтардың құқықтық сауатын дамыту және сот жүйесінің қызметі туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз етуге аудан тұрғындары үшін ай сайын басылып шығарылады.

Судьялар Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің студенттерімен кездестіва

11/05/2017

Көкшетау қалалық сотынын  судьялары  Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің  студенттері мен оқытушыларымен «дөңгелек устел» өткізді.

Көкшетау қалалық сотының  төрағасы міндетін атқарушы Бауыржан Әлжанов  «100 нақты қадам» Үлт  Жоспарын іске асыру аясында  сот жүйесіндегі реформалар» тақырыбында баяндама оқып берді.

Баяндамадан кейін Б. Әльжанов студенттердін сұрақтарына жауып беріп, барлық қатысушыларғы белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова ата-аналар қоғамы алдында «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық және алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама жасады

11/05/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова ата-аналар үшін «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық және алдын алу шаралары» тақырыбында қоғамдық тыңдауда сөз сөйледі.

Іс шара Көкшетау қаласының білім бөлімі, Көкшетау қаласының прокуратурасы, ІІБ-нің өкілдері, психолог, ОЦФ ЗОЖ дәрігерлерінің қатысуымен өткізілді.

11 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

11/05/2017

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында сот шешімдерін орындамағандары үшін ауданның 11 тұрғанына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 11 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабымен («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, төрт құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл және жеті құқық бұзушыға қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Астрахан аудандық сотынын судьялары соғыс ардагер Николай Шевкоплясты құттықтады

11/05/2017

Астрахан аудандық сотынын судьялары Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 72-жылдығына орай соғыс ардагері Шевкопляс Николай Петровичті құттықтады.

Судьялар ұжымы ардагерге зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі. Ардагер сот ұжымына еңбекте сәттілік және ашық аспан тілеп, өз алғысын айтты.

Жақсы аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы талқыланды

11/05/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында судьялар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы мәселелерін талқылау бойынша прокуратура қызметкерлері және учаскелік инспекторлардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

Судьялар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды сапалы құрастырудын қажеттілігі және әкімшілік істерді сотқа уақытылы жолдауын атап өтті.