Архив событий

12/05/2017

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті

12/05/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ш.Уалиханов атындағы университетінің оқытушылар мен студенттері үшін «Ашық есік күні» өтті.

Іс шарада сот төрайымы Айсұлу Жұматова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясында сот жүйесін реформалау тақырыбында баяндама жасады.

Аршалы аудандық сотында судьялар және ҮЕҰ-ның өкілдері «дөңгелек үстел» басында кездесті

12/05/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңын түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті. Іс шараға «Әлем», «Тұлпар» Қоғамдық Қорларының өкілдері, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Судьялар соттарда істерді қарау кезінде татуласу рәсімдерін белсенді қолданалатынын және дауларды соттан тыс шешу мүмкіндігі мен түрлері туралы айтып өтті.

Сот Өзбекстан Республикасының 36 азматына Қазақстан Республикасының көші-қон заннамасын бұзған үшін әкімшілік қамақа алу жазасын тағайындады

12/05/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған үшін  Өзбекстан Республикасының  36 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай,  Өзбекстан Республикасының 36 азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келіп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, жұмыс атқарған. Осы әрекетімен, құқық бұзушылар шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот шешімімен сотталғандардан материалдық зиян өндірілді

12/05/2017

Жарқайың аудандық сотында қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы азаматша Т-ның талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, сот үкімімен үш сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Жасаған қылмыстың нәтижесінде азаматша Т-ның ұлы қайтыс болды. Сот үкімімен азамтша Т-ға азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық талап-арызды беру құқығы танылды.

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлеріне

12/05/2017

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аттестаттаудың екінші кезеңі жеке тұлғалық құзыреттерін бағалау (тестілеу) аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыр

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар және сот қызметкерлері ішін семинар сабағы өтті

12/05/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың қатысуымен және кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған қылмыстық істердің  ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.

Сот көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәуілк мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

12/05/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында көлік құралын басқару құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.