Архив событий

16/05/2017

Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 14 әкімшілік іс қаралды

16/05/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 14 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, тараптардың татуласуына байланысты 9 азамат әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылған, ал 5 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 2 құқық бұзушыға әкімшілік ескерту, ал 3 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот құқық бұзушыға қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл тағайындады

16/05/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында қаруды заңсыз сақтағаны үшін  азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат В. ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтағаны анықталды.  Қаруды сақтауға және оның тиісті құжаттары азамат В-да болған жоқ.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

16/05/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, сот қызметкерлері, «ЛУЧ НАДЕЖДЫ» адамдар құқығын қорғау және туберкулезбен күрес жүргізу қоғамдық қорының директоры Любовь Рубежанская, сонымен қатар, Көкшетау қаласының қорғаншы және қамқоршы органының өкілдері қатысты.

Сот құқық бұзушыға билік өкілін қорлағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

16/05/2017

Ақмола облысы Ақкөл қалалық сотында билік өкiлiн қорлады деп айыптау бойынша азаматша Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азаматша Ш. алкогольдік масаң күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерлеріне былапыт сөз сөйлеген.

Сот үкімімен азаматша Ш. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен («Билік өкiлiн қорлау») қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.