Архив событий

18/05/2017

Сандықтау аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

18/05/2017
Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотында «Сандықтау ауданы кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы өкілдерінің қатысуымен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормаларын, Гендерлік саясат мәселелері мен соттарда инновациялық технологияларды қолдануды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті. 

Полиция аға лейтенанты Д.Еламановты өлтірді деп айыптау бойынша құқық қорғау органының қызметкері Ж.Баймурзинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

18/05/2017

2017 жылдың 17 мамырында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Жәнібек Баймурзин Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру),  291-бабының 1-бөлігімен (Қаруды жымқыру), 287-бабының 4-бөлігімен (заңсыз иемдену, оқ-дәрiлердi немесе атыс қаруын тасымалдау, бірнеше мәрте алып жүру), 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық), 384-бабының 3-бөлігімен (ресми құжаттарды жымқыру және жасыру) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың басынан ұсақ бұзақылық жасағандары үшін 29 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік істер қаралды

18/05/2017

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады.

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында мектеп оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті

18/05/2017

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекшілдер аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрайымы Гүлмира Анарбекова мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен әңгіме өткізіп, оларға аудандық соттың қызметі туралы және судьялар мен соттың кеңсе қызметкерлері қандай міндеттер атқаратынын айтып өтті.