Архив событий

19/05/2017

Сотта жәбірленуші мен айыпталушы медиация тәртібімен татуласты

19/05/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  187-быбының 1-бөлігімен («Ұсақ-түйек жымқыру») қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған азамат К-ға  қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотта жәбірленуші мен айыпталушы  татуласып, кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиативтік келісім жасады. Айыпталушы келтірілген материалдық залалды  өтеді, жәбірленушінің айыпталушыға наразылығы жоқ.

Сот құқық бұзушыға кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзгені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/05/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандарды алкогольдік масаң күйге жеткізгені үшін азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат О.  кәмелетке толмаған Т. және П-ға алкогольдік ішімдікті ішуге ұсынған. Нәтижесінде, оларды алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзді.

Шортанды аудандық сотында «Неке және отбасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

19/05/2017

Ақмола облысының Шортанды аудандық сотында  судьялар, сот қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері мен «Бүркіт» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасының қатысуымен «Неке және отбасы» тақырыбын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» судья Еркін Серікбаевтың неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар туралы азаматтық істерді қарау бойынша сот тәжрибесін түсіндіру бойынша баяндамасы тыңдалды.

 

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды

19/05/2017

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында  азамат Ш-ға  қатысты  балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін  қылмыстық іс  келісімдік іс жүргізу тәртібінде  қаралды.

Сотпен, азамат Ш. ата-ана міндетін орындаудан жалтарып, өзінің кәмелетке толмаған балаларды асырау бойынша алементті уақытылы төлемегені анықталды.

«Ардагерлер Ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінен Сот саласының ардагері Мейрам Ғибәділовке марапат

19/05/2017

Құрылғанына 30 жыл толуына байланысты, «Ардагерлер Ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Орталық Кеңесі, 12 мамыр 2017 жылғы қаулысымен, Ақмола облыстық ардагер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін, Ақмола облысының ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділовты«Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігіне 30 жыл» атты мерейтой медалімен марапаттады. Осы медальді Ақмола облысының Әкімі Мәлік Мұрзалин 2017 жылғы 17 мамырда Көкшетау мәдениет сарайында өткен ардагерлердің салтанатты жиылысында М.Ғибәділовке тапсырды. 

Көкшетау қалалық сотында жеке айыптау істері бойынша медиацияны қолдану мәселелері талқыланды

19/05/2017

Көкшетау қалалық сотында судьялар, прокуратура өкілдері, медиаторлар мен Республикалық қоғамдық бірлестігі «Қазақстан заңгерлер одағы» Ақмола филиалының хатшысы Б.Сұлтановтың қатысуымен «Жеке айыптау істері бойынша медиация» тықырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар жеке айыптау істер бойынша медиацияны қолдану және жеке айыптау істері бойынша медиацияны қолдану кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс сот медиация тәртібімен қаралды

19/05/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында азамат Б-ны тұрғын үйден шығару туралы азаматша И-дің талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотқа талапкер мен жауапкерден дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаттар түсті.

Целиноград аудандық сотында өз бетімен салған құрылыс мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

19/05/2017

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында судьялар, прокуратура, әкімдік, сәулет және қала құрылыс бөлімі, жер қатынастары және Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерінің қатысуымен өз бетімен салған құрылыс мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелді» өткізудің  мақсаты, өз бетімен салған құрылыс мәселелерін шешу кезінде жергілікті атқарушы органдарына, селолық округі әкімдері мен мемлекеттік органдарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.  

Қазақстан Республикасының көші –қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматына қатысты әкімшілік жаза тағайындалды

19/05/2017

Ақмола облысының Ақкөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Еңбекшілдер аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша семинар өтті

19/05/2017

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін талқылау бойынша семинар өтті.

Қорғалжын аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мекемелерде» тақырыбын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

19/05/2017

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотында судьялар, кеңсе қызметкерлері және Қорғалжын аудандық орталық ауруханасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мекемелерде» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.