Архив событий

25/05/2017

Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

25/05/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп  танылды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер «Б» мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсының қортындысы негізінде жеңімпаз атанып, Көкшетау қаласының білім бөлімімен 32 дана ұялы телефонын жеткізу бойынша келісім-шарт жасаған. Алайда, жеке кәсіпкер келісім-шартта көзделген міндеттерді белгіленген мерзімде орындамады.

Егіндікөл аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

25/05/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен медиацияны қолдану мәселелерін түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті. «Дөңгелек үстел» жұмысында медиаторлар, әкімдік қызметкерлері, «Егіндікөл жастары» Жастар қоғамдық бірлестігі еріктілер орталығының өкілдері қатысты.

Сот ұйғарымымен сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісім бекітілді

25/05/2017

Ақкөл аудандық сотында «Жалын-2005» ЖШС-нің азаматша М-дан берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар сот медиациясы тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде өтініш жолдады.