Архив событий

26/05/2017

Жақсы аудандық соты 6 жүргізушіні жол- көлiк оқиғасымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

26/05/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге және көлiк құралдарының бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 6 жүргiзушіге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Целиноград аудандық сотында үкімдерді орындау жөнінде сотқа ұсыныстарды жолдау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

26/05/2017

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында судьялар Целиноград АІІБ пробация қызметі өкілдерімен үкімдерді орындау жөнінде сотқа ұсыныстарды жолдау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

 «Дөңгелек үстелді» өткізілудің мақсаты - үкімдерді орындау жөнінде сотқа ұсыныстарды жолдау кезінде пробация қызметі мамандарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Есіл аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

26/05/2017

Ақмола облысының Есіл аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Жоғарғы Сот және жергілікті соттардың сот актілерінің жаңа банкімен танысу семинары өтті.

Семинарда судья Ақмарал Жұмабекова жаңа сот актілерінің банкі және «Сот кабинеті» сервисі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған бірыңғай терезе рөлін атқаратынын атап өтті.