Архив событий

29/05/2017

Ақмола облыстық сотында сот сараптамасын тағайындау мәселелерін талқылау бойынша семинар өтті

29/05/2017

Ақмола облыстық сотында судьялар мен Сот сараптамасы Институты өкілдерінің қатысуымен сот сараптамасын тағайындау мәселелерін талқылау бойынша семинар өтті.

Семинарда Ақмола облысы бойынша Сот сараптамасы Институтының сарапшылары Рүстем Залиев пен Аида Түкенова авто-тауартанушылық және жазу танушылық сот сараптамаларын тағайындау туралы баяндамаларын оқып, тексеру актісін құрастыру және сараптама нәтижесін жолдау бойынша судьялардың сұрақтарына жауап берді.

Ақмола облыстық сотында жас судьялардың қатысуымен үлгілі сот отырысының көрсетілімі өтті

29/05/2017

Ақмола облыстық сотының оқу орталығыменбілім деңгейін көтеру және оқыту нысандарын пайдалануменжас судьялар үшін үлгілі сот отырысының көрсетілімдері ұйымдастырылып өткізілуде.

Тәлімгерлер кеңесі жас судьялармен азаматтық іс және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша үлгілі сот отырысының көрсетілімін өткізді.

Сот отырыстарының көрсетілімін облыстық сот судьялары және тәлімгерлер талқылап, жас судьялардың кәсібилігін, сот процесін ұйымдастыру және процестік заңнаманы білу деңгейін бағалады.