Архив событий

30/05/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалары мен материалдарын дайындау сапасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

30/05/2017

Көкшетау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалары мен материалдарын дайындау сапасы» тақырыбымен Көкшетау қаласының құқық қорғау органдары кызметкерлері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыратын басқа лауазымды тұлғалар және медиаторлардың  қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот ісін жүргізу мерзімдерін есептеу» және «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыптарымен семинар өтті

30/05/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот мамандары  «Сот ісін жүргізу мерзімдерін есептеу. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Судья Ғалым Қайшыбеков сот ісін жүргізу мерзімдерін сақтау туралы баяндама оқыды. Сот кеңсесінің бас маманы Нұрбек Ержанов «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қылмыстық іс тоқтатылды

30/05/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында ұрлық жасады деп айыптау бойынша  Аршалы ауданынын екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қаралды.

Сотпен, екі ер азамат алкогольдік масаң күйде дүкеннен есігін  бұзып, 562440 теңге сомасына тауарды ұрлаған.

Сотта жәбірленуші мен сотталушылар медиация тәртібімен татуласуына және келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат жасады.

Шортанды аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 49 азаматқа қатысты әкімшілік іс қарады

30/05/2017

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында  ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 49 әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, 49 азамат ортақ пайдалану орындарын ластап, айналасындағыларға  сыйламаушылық  білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды.