Архив событий

09/06/2017

Шортанды аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

09/06/2017

Шортанды аудандық сотының төрағасы Қанат  Бейсекеев «Ашық есік күнін» өткізді.

Сот төрағасы азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін және құқықтық  мәдениетін арттыру болып табылады.

Бұланды аудандық сотында алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін жүргізушілерге қатысты 33 әкімшілік іс қаралды

09/06/2017

Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексімен әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Еңбекшілдер аудандық сотында келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қаралды

09/06/2017

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында марихуананы заңсыз сақтап, өткізгені үшін айыптау бойынша азамат Е-ге қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қаралды.

Істі тергеу кезінде прокурор мен күдіктінің арасында кінәсін   мойындау туралы процессуалдық  келісім жасалған.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты 1804 әкімшілік іс қаралды

09/06/2017

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты 1804 әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен құқық бұзушылар келесі әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды: 52 азаматқа ескерту түрінде, 813 азаматқа әкімшілік айыппұл, 430 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан 483 азамат айырылды, 17 азамат Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберілді және кәмелетке толмаған 9 азаматқа қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары қолданылды.

Сот шешімін орындамағаны үшін сот ер азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

09/06/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында әкімшілік айыппұлды төлемегені үшін азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат О. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабында («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот Егіндікөл ауданының тұрғынына билік өкіліне бағынбағаны үшін айыппұл тағайындады

09/06/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында билік өкіліне бағынбағаны үшін айыпталған азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, құқықбұзушы масаң күйде бола тұра, Егіндікөл селосында автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбаған.