Архив событий

13/06/2017

Ақмола облысының соттарында істер татуласу рәсімдерін қолданумен қаралуда

13/06/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық, қылмыстық  және әкімшілік істер бітімгершілік келісім жасау, медиацияны қолдану және партисипативтік рәсім тәртібімен каралды.

Мысалы, 2017 жылдың 5 айында Зеренді аудандық сотында 7 азаматтық іс татауласу келісімін бекітумен, 7 азаматтық, 3 қылмыстық және 8 әкімшілік іс медиацияны қолданумен қаралды.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

13/06/2017

Атбасар аудандық сотында алкогольдік масаң күйде сот отырысына келіп, сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 195 әкімшілік іс қаралды

13/06/2017

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 195 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 195 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл түрінде 191 азаматқа, қамаққа алу түрінде 4 азаматқа жаза тағайындалды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 35 шетел азаматы кінәлі деп танылды

13/06/2017

2017 жылдың 5 айында Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясы, Германия, Украина және Өзбекстанның 35 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Бұланды аудандық сотында сот актілерін орындамағаны үшін 32 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

13/06/2017

Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») сот шешімдерін орындамағаны үшін 32 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды, оның ішінде 6 азаматқа әкімшілік айыппұл өндіріп алу, 26 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жазалар тағайындалды.

Әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе сот белгілеген шектеулерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13/06/2017

Степногорск қалалық сотының қаулысымен бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 480-бабының 1-бөлігімен (Әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе сот белгілеген шектеулерді орындамау) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.