Архив событий

14/06/2017

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Қайратқызы Бердіғұлова өмірден озды

14/06/2017

Ақмола облыстық сотының қауымдастығы 13 маусымда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Қайратқызы Бердіғұлованың 46 жасында дүниеден өткенін қайғыра отырып хабарлайды.

Жанна Қайратқызы 1971 жылы Қарағанды қаласында туған. Өзінің еңбек жолын Жоғарғы Сотта сот отырысының хатшысы ретінде бастап, 28 жылдан астам сот жүйесінде қызмет етті.