Архив событий

15/06/2017

Зеренді аудандық сотында алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін көлік жүргізушілеріне қатысты 26 әкімшілік іс қаралды

15/06/2017

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысы Зеренді аудандық сотында көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 26 көлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 26 көлік жүргізушілері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ашық есік күнін» жариялайды

15/06/2017

2017 жылдың 23 маусымында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ашық есік күнін» өткізеді.

«Ашық есік күні» сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Заңды тұлғалардың өкілдері мен азаматтарды сот төрағасы қабылдайды.

Өткізу орны: Көкшетау қаласы, Потанина көшесі, 46 «А» үй, байланыс телефоны: 8(7162) 55-96-43.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

15/06/2017

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бақытжан Рахманбердиев прокуратура және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаменті өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында мемлекеттік сатып алу туралы істерін қарауда туындайтын мәселелері талқыланды.