Архив событий

19/06/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банктік дауларды медиацияны қолдану арқылы реттеу мәселелері талқыланды

19/06/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды медиацияны қолдану арқылы реттеу мәселелерін талқылау бойынша«дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» судьялар, сот мамандары, сондай-ақ «Медиация даму орталығы» Ассоциациясы, «Халықаралық Құқық Қорғау орталығы» ҚБ, кәсіби медиаторлар мен Ақмола облысының екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. 

Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/06/2017

Аршалы аудандық сотында сот қаулысыменбес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жазаны орындамағаны үшін  азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат В. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабында («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндеәкімшілік жаза тағайындалды.

Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 33 Өзбекстан Республикасының азаматтарына жаза тағайындады

19/06/2017

2017 жылдың 5 айы ішінде Ақкөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 33 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Шортанды ауданды сотында Құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидаларды зерделеу бойынша семинар сабақ өтті

19/06/2017

Шортанды аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Гүлсім Сабаева сот мамандарыменҚұжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидаларды зерделеу бойынша семинар сабақ өтті.