Архив событий

26/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы мамандандырылған соттарда жұмыс кеңесін өткізді

26/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының мамандандырылған соттарының жұмысымен танысып, судьялар және сот қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Облыстық соттың төрағасы мамандандырылған соттарда ағымдағы жылдың 5 айы және 2016 жылдың республика бойынша мамандандырылған соттардың көрсеткіштерін салыстыра отырып жұмыс сапасын талқылады, сонымен қатар соттардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Еңбекшілдер аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

26/06/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін «Ашық есік күні» өтті.

Аудандық сотының төрағасы Гүлмира Анарбекова сот жүйесінің дамуы, сотта ақпараттық технологиялардың қолдануы туралы және «Сот кабинеті» сервисін пайдаланудағы мүмкіндіктерін түсіндірді. 

«Ашық есік күні» сотқа келген азаматтар өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай жиналыс өтті

26/06/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бауыржан Баймырзин Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Сот төрағасы кеңесте сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшінің жұмысының жауаптылығы мен маңыздылығын атады және Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметтің болашағы анықталып, нақты міндеттер қойылғандығы туралы айтты.