Архив событий

29/06/2017

Бұланды аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция қызметкері ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

29/06/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасады деп айыптау бойынша Ақмола облысы ІІД-нің жол-патрульдік полиция қызметкеріне қатысты кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасаумен қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істің материалдары бойынша Макинск қаласында жол-патрульдік полиция қызметкері алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған азамат Ж-дан әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін 80 000 теңге көлемінде пара алған.  

Аршалы аудандық сотында медиация институтын қолдануды түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

29/06/2017

Ақмола облысы  Аршалы аудандық сотында жергілікті әкімшілік, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, адвокаттар, нотариустар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуларымен медиация институтын қолдануды түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті.