Архив событий

01/07/2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімшілік заңнама нормаларын қолдануда туындайтын мәселелері талқыланды

01/07/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар, прокуратура өкілдері, Ақмола облысының ішкі істер органдары жеке құрамының басшылығы мен қызметкерлері, ювеналды секторының жетекшісі «Кейбір әкімшілік заңнама нормаларын қолдануында туындайтын мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.    

Бурабай аудандық сотының төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтады

01/07/2017

Бурабай аудандық сотының судьялар мен сот қызметкерлері Бурабай ауданының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерің құттықтады.

Сот төрағасы Абзал Балабеков журналисттерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс тілеп, Алғыс хаттармен марапаттады.

Сот қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

01/07/2017

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны  үшін азамат Л-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  анықталғандай,  азамат Л.  қоғамдық жерде бола тұра,темекінің тұқылын колледж жатаханасынның ауласына лақтырып, айналаны ластаған. Осы әрекетімен азамат Л.  айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот ерлі-зайыптыларды татуластырып, медиативтік келісімді бекітті

01/07/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында ерлі-зайыптылардан кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасасқан медиативтік келісім түсті. Келісімге сәйкес, жұбайы зайбымен одан әрі бейбіт және келісімде бірлесіп өмір сүруге міндеттенді, ал зайыбы жауапкермен татуласып, талап арыздан бас тартады.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты медиативтік келісім бекітілді. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәуілк мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

01/07/2017

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында көлік құралын басқару құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Бурабай аудандық сотында жекеше айыптау істерін қарау мәселелерін талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өтті

01/07/2017

Бурабай аудандық сотында медиаторлар және Бурабай аудандық құқық қорғау органдары кызметкерлерінің қатысуымен «Жекеше айыптау бойынша істерді әзірлеу сапасы» тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот актілерінің орындалуы мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

01/07/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен сот актілерінің орындалуы мәселелерін талқылау  бойынша «дөңгелек үстел» өтті.   

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы Бауыржан Баймурзин  «дөңгелек  үстелде» сот үкімін тиісті және уақытылы орындау- қылмыстық жазаның міндетті шарттарының бірі екенін атап өтті.

Бұланды аудандық сотында татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды

01/07/2017

Бұланды аудандық сотында аудандық прокуратура, АІІБ өкілдері, «Надежда» тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі мен адвокаттардың қатысуымен «Қазақстан Республикасы заңнамасындағы татуластыру рәсімдері мен дауларды шешудің баламалы жолдары, оларды кеңінен қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысын ашып, Бұланды аудандық соты төрағасының м.а. Басбатыр Ахметжанов, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі жөнінде айтты.

2017 жылдың басынан Бұланды аудандық сотымен 12 жекеше қаулы шығарылды

01/07/2017

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 826-бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.