Архив событий

03/07/2017

Ақмола облысының соттарында істер медиативтік келісімдер бекітумен қаралуда

03/07/2017
Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық және қылмыстық істерді қарауда медиация институты белсенді қолданып келеді.
Мысалға, медативтік келісім жасауымен  Аршалы аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс кәсіби емес медиатордың қатысуымен қаралды.
Жарқайын аудандық сотында моральдық және материалдық зиянды өңдіру туралы азаматтық іс  медиативтік келісім жасауымен  қаралды.

Еңбекшілдер аудандық сотында партисипативтік тәртіппен азаматтық іс қаралды

03/07/2017

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында, заңсыз пайдаланған ауланы босату туралы азаматтық іс партисипативтік тәртіппен  қаралды.

Азаматтық процесстік кодексінің 181-бабының 2-бөлігіне сәйкес партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Көкшетау қалалық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау мәселелері талқыланды

03/07/2017

Көкшетау қалалық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау мәселелерін талқылау бойынша Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» әділет органдары мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына электронды атқару құжаттарын жолдау және тіркеу барысында туындайтын мәселелері талқыланды.

Степногорск қалалық сотында жалақыны өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

03/07/2017

Степногорск қалалық сотында «Умай Балу» ЖШС-нен 2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың мамыр айына дейін берешек жалақыны өндіріп алу туралы азамат К-ның талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкер мен жауапкер медиативтік келісім жасады.

Сот ұйғарымымен талапкер мен жауапкер арасында медиативтік келісім бекітілді. Келісімге сәйкес, жауапкер «Умай Балу» ЖШС-і берешек жалақыны 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеуге міндеттенеді, ал талапкер талап-арыздан бас тартады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

03/07/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотында бұрынғы зайыбының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  108-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру») құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталушы азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс өндіріспен тоқтатылды және жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына келтірілген материалдық залалды өтеуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.