Архив событий

10/07/2017

Бұланды аудандық соты құқық қорғау органдары мен Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы 3 жекеше қаулы шығарды

10/07/2017

Қылмыстық – процестік кодексінің 405-бабына сәйкес, сот жекеше қаулы шығаруға негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жекеше қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заң бұзушылық фактiлерiне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады.

Астрахан аудандық сотында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің Астрахан аудандық бөлімшесі басшысының орынбасары мен маманына қатысты қылмыстық істер қаралды

10/07/2017

Астрахан аудандық сотында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің Астрахан аудандық бөлімшесі басшысының орынбасары мен келісім шарт негізінде қызмет етіп жүрген маманға қатысты алаяқтық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық істер қаралды.

Сот анықтағандай, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-і басшысының орынбасары мен маманы, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, жеке кәсіпкерді алдап, электрлік энергия есеп көрсеткіштерінің қателіктері үшін  жалған айыппұл негізінде айыппұл сомасын төмендету мәселесін шешу үшін 108 000 теңге көлемінде ақша алған.