Архив событий

12/07/2017

2017 жылдың 6 айында Шортанды аудандық соты кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы 38 сот бұйрығын шығарды

12/07/2017

Шортанды аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы  38  сот бұйрығын шығарды.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға- ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің- төрттен бір бөлігін, екі балаға- үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Сандықтау ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді

12/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Сандықтау ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізіп, оған аудан әкімі, ауылдық округтердің әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары және ардагерлер қатысты.

Зеренді ауданында Ақмола облыстық сотының төрағасы аудан белседілерімен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

12/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Зеренді ауданының «Нұр Отан» партиясы ғимаратында аудан тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А.Хамиев, депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы сөз сөйлеу барысында мемлекеттік органдармен және ведомстволармен бірігіп мемлекеттік тілді дамыту және медиация институтын жетілдіру жұмысына ат салысуға шақырды.

Сот шешімімен азаматтардың мүліктік құқықтары қалпына келтірілді

12/07/2017

Атбасар аудандық сотында «Атбасар Су» ШЖҚ МКК-нен жертөлені су басуына байланысты материалдық залады және моралдық зиянды өндіру туралы Ж. ерлі-зайыптылардың талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, кәріс құбырынан жертөлені су басу нәтижесінде Ж. ерлі-зайыптыларға тиесілі заттар мен мүліктер бүлінген. Жертөлені су басуы жауапкердің кінәсінен болған.

Ақмола облысының Есіл аудандық соты сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін 55 азаматқа әкімшілік жазалар тағайындады

12/07/2017

Есіл аудандық сотында  2017 жылдың 1 жартыжылдығында  сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны  үшін 55 азаматтарға қатысты   әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 55 Есіл ауданының тұрғындары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабымен құқық бұзушылық жасағандары үшін  кінәлі деп танылып, оларға келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 45 азамат әкімшілік камаққа алынып, 10 азаматқа  әкімшілік айыппұл тағайындалды.  

Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

12/07/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жеке кәсіпкер «Ш»-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің» талап-арызы  қанағаттандырылып, жеке кәсіпкер «Ш» мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Сот анықтағандай, мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша жеке кәсіпкер қызметтерді жеткізу бойынша өзінің міндеттерін орындамаған, тауарды жеткізбеген.

Ақмола облысы соттарында істер медиативтік келісім бекітумен және тараптардың татуласуымен қаралуда

12/07/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер тараптардың татуласуымен және медиативтік келісім жасауымен  қаралуда.   

Мысалға,  2017 жылдың 1 жартыжылдық ішінде Бурабай аудандық сотында 50 азаматтық және 13 қылмыстық іс  медиация тәртібімен қаралды.

Аршалы аудандық сотында әкелік фактісін анықтау және алимент өндіру  туралы  азаматтық іс  медиативтік келісім жасауымен  қаралды.