Архив событий

13/07/2017

Аршалы аудандық сотында сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін 15 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

13/07/2017

2017 жылдың 6 айында Есіл аудандық сотында сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін 15 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 15 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің  669-бабында («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 14 азаматқа қамаққа алу және 1 азаматқа айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот билік өкіліне бағынбағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

13/07/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында полиция қызметкерлерін қорлап, бағынбаған және қызметтік көлікке зиян келтірді деп айыптау бойынша азамат У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай,  азамат У. алкогольдік және  есiрткiлік масаң күйінде, өз үйінің ауласында, азамат Б-нің шақыртуымен келген полиция қызметкерлеріне былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген. Сонымен қатар, азамат У. қызметтік автокөліктін тұтқасын және қызметтік көлікте орналасқан бейнетіркеудің қуат алатын  құрылғыны сындарған.

Сот діни мазмұндағы әдебиеттерді белгіленбеген орында таратқаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

13/07/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында В. және М. азаматтарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармақшасы бойынша («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») екі әкімшілік іс қаралды.

Сотпен,  екі ер азамат Степняк қаласының  сауда үйлерінде  діни мазмұндағы әдебиеттерді таратқандығы   анықталған.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Есіл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

13/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Есіл ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі, селолық округтарының әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, адвокаттар, медиаторлар, БАҚ, ҮЕҰ-ның өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Атбасар аудандық сотында жер телімдерін коммуналдық меншікке түскендігін тану туралы 16 талап қою арызы қаралды

13/07/2017

Атбасар аудандық сотымен ағымдағы жылдың маусым айында Атбасар ауданы әкімдігінің Атбасар аумағында орналасқан жер телімдерін коммуналдық меншікке түскенін тану туралы 16 талап қою арызы алдын-ала сот отырысында қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары және заңды мүдделері бұзылмаған, себебі олардың жер телімдерінің коммуналдық меншікке түсуі, су тасқынына ұшыраған тұлға ретінде өтемақыларды алуға мүмкіндіктері бар.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Жақсы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

13/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Жақсы ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі, селолық округтарының әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, БАҚ, ҮЕҰ-ның өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Атбасар аудандық сотында қылмыстық іс онлайн тәртібінде қаралды

13/07/2017

Қазақстан судьяларының VI съезінде Елбасы «Сот төрелігіне азаматтардың қалың тобы қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс қарауы хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот үдерістерінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн. Бірінші инстанциядағы барлық соттарды бейнеконференция байланысымен қамтамасыз ету қажет, бұл сот төрелігін қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Атбасар ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді

13/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Атбасар ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізіп, оған аудан әкімі, ауылдық округтердің әкімдері, депутаттар, саяси партиялардың басшылары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, ардагерлер, сонымен қатар, адвокаттар мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.