Архив событий

14/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы алты ауданда тұрғындармен жұмыс кездесуін өткізіп, азаматтарды қабылдады

14/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарында жұмыс барысында өткізген кездесуіне әкімдер, депутаттар, партиялық бірлестіктер, БАҚ, ҮЕҰ-ң өкілдері, құқық қорғау құрылымдары мен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, адвокаттар, медиаторлар, ардагерлер мен ауылдық округтердің тұрғындары қатысты.

Сот Қазақстан Республикасының көші –қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

14/07/2017

Ақкөл аудандық сотында Өзбекістан азаматына қатысты әкімшілік іс  қаралды. 

Сотпен, Өзбекістан азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, 24.05.2017 жылға дейін уақытша тіркелген, бірақ тіркеу мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кетпегені   анықталды. Осы әрекетімен Өзбекістан азаматы Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот 307 азаматты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты

14/07/2017

2017 жылдың 1 жартыжылдық ішінде Аршалы аудандық сотында 307 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 307 азамат  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 1 азаматқа ескерту түрінде, 75 азаматқа әкімшілік айыппұл, 157 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан 46 азамат айырылды, 1 азамат Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберілді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Жарқайың ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

14/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Жарқайың ауданының  тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімінің м.а., селолық округтарының әкімдері, отставкадағы судя Г.Джалбырова, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары,адвокаттар мен медиаторлар, БАҚ, ҮЕҰ-ның өкілдері мен ардагерлер  қатысты.

Сот есірткі заттарды иемдегені және заңсыз сақтағаны үшін жаза тағайындады

14/07/2017

Ақкөл аудандық сотында есірткі заты- гашишты өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алып, сақтағаны үшін азамат В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат В. есірткі заты –гашишты сатып алған, азамат В-ның үйінің айналасын тінту барысында, полиэтилендегі түйіншіктерде есірткі заттар табылып алынды. Сот отырысында азамат В. кінәсән толық мойындап, есірткіні өзінің қолданатынын айтты.

Көкшетау қалалық сотында «Мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекетімен отбасылық құндылықтарын насихаттау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

14/07/2017

Көкшетау қалалық сотында Ақмола облысының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Д.Қойшина, Ақмола облысының Іскер әйелдер қауымдастығының дағдарыс-орталығының басшысы Ә.Базарбаева, «Көкшетау қаласының азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің басшысы М.Қабдушева, құқық қорғау, әділет қызметкерлері, отставкадағы судьялар, медиаторлар және психолгтардың қатысуымен «Мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекетімен отбасылық құндылықтарын насихаттау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сандықтау аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысын қорытындылады

14/07/2017

2017 жылдың 6 айында Сандықтау аудандық сотымен 31 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 8 іс медиация тәртібімен қаралды, 12 іс тараптардың татуласуына байланысты өндіріспен тоқтатылды. Тергеу судьясымен 27 өтінішхат қаралды.

248 қаралған азаматтық істерден  22 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Бурабай аудандық сотында сот шығындарын төлеу тәртібін талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өтті

14/07/2017

Бурабай аудандық сотында медиаторлар және адвокаттардың қатысуымен іс өндірісімен байланысты шығындар және мемлекеттік баждан тұратын сот шығындарын төлеу тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босатудың негіздерін талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өтті.

Судья Салтанат Қалиасқарова «дөнгелек үстел» жұмысын аша отырып, азаматтармен сотқа жүгіну барысында мемлекеттік баж салығын дұрыс төлеу азаматтық істерді қарау барысында  тараптар мен өкілдерге сот шығынын өтеудің маңызды бөлігі болып табылатындығын атап өтті.