Архив событий

18/07/2017

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

18/07/2017

Ақмола облысы Зеренді аудандық сотында сот актісін орындамағаны үшін азамат С-ға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Сотпен, сот шешімі бойынша  азамат С-дан кәмелетке толмаған баласына күтіп-бағу жөніндегі алимент өндіріп алынғаны  анықталды. Алайда ер азамат сот актісін орындамаған.

Ақмола облысы соттарында істер татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралуда

18/07/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты мен татуластыру келісімдері белсенді түрде қолдануда.

Мысалға, медиативтік келісімді жасаумен Шортанды аудандық сотында  жыл басынан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып соғу туралы 4 қылмыстық іс қаралған.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік органдардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

18/07/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокуратура өкілдерінің, ішкі істер органының қызметкерлері, әділет, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен "Сот актілерін орындау және атқару өндірісін негізсіз қайтару, қабылдаудан бас тарту, сонымен қатар, әділет органы және сот орындаушысы арасында сотпен өзара іс-қимыл" тақырыбында  ведомствоаралық «дөңгелек үстел» өтті.