Архив событий

19/07/2017

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына соттың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

19/07/2017

Есіл аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 1 жартыжылдығына  сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте сот төрағасы Қазбек Әбішев cот жұмысының қортындысын айтып өтті. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында Есіл аудандық сотымен 361 азаматтық іс қаралды. Оның ішінде 242 азаматтық іс шешім шығарумен қаралып, 65 азаматтық іс оңайлатылған тәртіпте, 55 іс сот бұйрығын шығарумен, 15 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.

Сот Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/07/2017

Зеренді аудандық сотында Қазақстан Республикасы көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Тәджікстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Тәджікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, көші-қон полициясы органдарында тіркелмегендіктен, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Еңбекшілдер аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

19/07/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрайымы Гүлмира Анарбекова «дөңгелек үстелде» сөз сөйлей отырып, «Медиация туралы» Заңның нормаларын түсіндіріп, дауды сотқа дейін шешу мүмкіндігі туралы айтып өтті.

Сот билік өкiлiн қорлап, билік өкіліне бағынбағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

19/07/2017

Зеренді аудандық сотында полиция қызметкерлерін қорлап, бағынбағаны үшін және қызметтік көлікке зиян келтірді деп айыпталған азамат Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот кәмелетке толмағанды арнайы мектепке орналастыру туралы ішкі істер бөлімінің өтінішін қанағаттандырды

19/07/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотымен «Бурабай ауданының Ішкі істер бөлімінің» кәмелетке толмаған К-ны Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ-не жіберу туралы арызы қаралды.

Бурабай аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

19/07/2017

Бурабай аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылау бойынша  Бурабай аудандық прокуратура және ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің  қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Абзал Балабеков заңнаманы реформалау Кодекс қағидаларын жетілдіруге бағытталған және ондағы жаңашылықты іске асыру, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына жайлы жағдай жасау мақсатында, құқық қорғау қызметін жетілдіруге мүмкіндік береді деп айтты.

Атбасар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

19/07/2017

Атбасар аудандық сотында  ХСП «Атамекен» ғимаратында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын талқылау бойынша  Атбасар ауданы кәсіпкерлерінің  қатысуымен «дөңгелек үстел»  өтті.

Судья Алмагүл Жакимова «дөңгелек үстелде» кәсіпкерліктің түсінігі және оны құқықтық реттеудің шеңбері туралы, кәсіпкерлік субъектілермен мемлекет арасындағы қарым-қатынас қағидалары және мақсаттары туралы, ақпараттық-түсіндіру, кеңестік және тәжірибелік көмек көрсету туралы айтты.