Архив событий

22/07/2017

Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 4 азаматы Қазақстан Республикасынын шегiнен шығарылды

22/07/2017

Целиноград аудандық сотында Өзбекстан Республикасының төрт азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының 4 азаматы жергілікті органының рұқсатынсыз Целиноград ауданының аумағында жұмыс істеген.

Шортанды аудандық сотында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

22/07/2017

Ақмола облысы Шортанды  аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша  брифинг өтті.

Сот төрағасы Қанат Бейсекеев, 2017 жылдың  6 айында 42 қылмыстық, 636 азаматтық және 357 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қаралғанын атап өтті. 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда қаралған істердің саны 342 іске өскені байқалады.

Медиативтік келісіммен 5 қылмыстық, 9 азаматтық және 4 әкімшілік істер қаралды. Аудио және бейне тіркеу жүйесін қолданумен 98% сот істері қаралды.

48 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

22/07/2017

Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотында сот шешімдерін орындамағандары үшін ауданның 48 тұрғынына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 48 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабымен («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 43 азаматқа әкімшілік қамаққа алу және бес азаматқа айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 46 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарады

22/07/2017

Сандықтау аудандық сотында көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 46 әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, 46 азамат алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, жол қозғалысына қауіп төндірген.

Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

22/07/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азаматша К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот қаулысымен азаматша К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабында («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Жақсы аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдығына соттың жұмысын қорытындылады

22/07/2017

2017 жылдың 6 айында Жақсы аудандық сотымен 33 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 8 іс медиация тәртібімен қаралды. Тергеу судьясымен 26 өтінішхат қаралды.

94 қаралған азаматтық істерден  7 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

110 әкімшілік істер қаралып, 4 азамат ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 39 азаматқа әкімшілік айыппұл, 42 азамат әкімшілік қамаққа алынып, арнайы құқықығынан 25 азамат айырылды.

Азаматтық істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қарау

22/07/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 144-146-баптарына сәйкес, судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот талап қою арызын іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді. Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді.