Архив событий

26/07/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті

26/07/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облыстық сотының судьясы А.Құлмағамбетовтың қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.

Кеңесте сот төрелігін іске асыру сапасы, істерді қарау мерзімдері, сараптама тағайындау және сотқа дәлелсіз себептермен келмеген азаматтарды жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды.

Есіл аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, автокөлік құралын басқарған азаматтарға қатысты 24 қылмыстық іс қаралды

26/07/2017

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың басынан көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, автокөлік құралын басқарған азаматтарға қатысты 24 қылмыстық іс қаралды.

Сот қаулыларымен Есіл ауданының 24 тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы») қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 5 азаматқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, 19 азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды.