Архив событий

27/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс соттарының 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді

27/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров 2017 жылдың 1 жартыжылдығына соттардың жұмыс қорытындысы бойынша облыс судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді. Кеңеске сот алқаларының төрағалары, облыстық сот судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшысы, Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілерімен жұмыс кеңесін өткізді

27/07/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті соттарда сот жұмысын ұйымдастыру және іс жүргізу мәселелері бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттарының кеңсе меңгерушілерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Бұланды аудандық сотында 42 азаматтық іс бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қаралды

27/07/2017

Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Сот көрнеу жалған айғақтар бергені үшін азамат Е-ні кінәлі деп таныды

27/07/2017

Атбасар аудандық сотында көрнеу жалған айғақтар бергені үшін азамат Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта куәгер ретінде сұралған азамат Е-нің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша көрнеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескерткеніне қарамастан, азамат О-ға жол-көлік апаты бойынша қылмыстық жауаптылықты болдырмау үшін көрнеу жалған айғақтар бергендігі анықталды.

Сот шешімін орындамағаны үшін сот бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады

27/07/2017
Атбасар аудандық сотымен азамат П-ға қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды.
Сот анықтағандай, Атбасар аудандық сотының 2015 жылғы 4 қарашадағы шешімі негізінде азамат П-дан 505 000 теңге көлемінде берешек өндіріп алынған. Алайда, азамат П. сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Жеке сот орындаушының қаулысымен П-дан А-ның пайдасына қарыз соммасын өндіріп алуға қатысты атқарушылық өндіріс қозғалды.

Жарқайың аудандық сотында сот бұйрықтарымен коммуналдық қызмет бойынша берешектер өндіріп алынды

27/07/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында «Коммунсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның арызы бойынша 6 азаматқа қатысты коммуналдық қызмет бойынша сот бұйрығын шығарумен берешекті өндіріп алу туралы талап қою арыздары қаралды.