Архив событий

01/08/2017

Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

01/08/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

01/08/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Зият коры» қоғамдық ұйымының төрағасы Б.Ибраевтың, «Ақмола облысының Қызыл ай қоғамы комитеті» қоғамдық ұйымының төрағасы Қ.Елубаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбын талқылау бойынша  «дөңгелек үстел» өтті.

2017 жылдың 6 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның әрекеттеріне 66 шағым қаралды

01/08/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44 тарауына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Осы Кодекстің тарауы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағым жасауға мүмкіндік туғызады.

Қорғалжын аудандық сотында сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өтті

01/08/2017

Қорғалжын аудандық сотының ұжымы аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға прокуратура өкілдері, ішкі істер бөлімі, әділет, мемлекеттік кірістер, әкімідік, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Төтенше жағдайлар бойынша бөлімі, мемлекеттік табиғи қорығы, білім бөлімі мен «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы қатысты.