Архив событий

05/08/2017

Атқарушылық құжатты орындамаған үшін сот ер азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

05/08/2017

Целиноград аудандық сотында азамат Ц-ға қатысты атқарушылық құжатты орындамағаны үшін  әкімшілік іс қаралды. 

Сотпен, азамат Ц. Целиноград АІІБ қызметкерінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің  440-бабының 1-бөлігі бойынша алкогольдік ішімдіктерді iшіп, қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік айыппұл салу туралы атқарушылық құжатты орындамағаны анықталды.

Степногорск қалалық сотында 2017 жылдың 7 айында татуластыру рәсімдерін қолданумен 91 іс қаралды

05/08/2017

Степногорск қалалық сотында 2017 жылдың 7 айында медиация тәртібімен 86 азаматтық іс қаралып, 2 іс партисипативтік келісіммен және  3 қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды.

Сандықтау аудандық сотында медиацияны қолдану және мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

05/08/2017

Сандықтау аудандық сотында Сандықтау ауданы прокурорының орынбасары А.Айткужиннің, Сандықтау АІІБ ЖПҚ-нің басшысы міндетін атқарушы Н.Е.Ақпаевтың және учаскелік инспекторлардың қатысуымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы және мемлекеттік тілді дамытуды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

05/08/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Атбасар аудандық әкімдігінде медиация кабинетінде үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

05/08/2017

Атбасар аудандық сотының төрағасы Б.Қонақбаев Атбасар аудандық әкімдігінде орналасқан медиация кабинетінде ауданда медиацияны енгізу және дамыту мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді. Іс-шараға Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Тәжденова, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Аршалы аудандық сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді

05/08/2017

БАҚ-пен әрекеттесу, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар, соттардағы татуластыру рәсімдерінің қолданылуын түсіндіру мақсатында Ақмола облысының Аршалы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте сот төрағасы 2017 жылғы 7 айындағы сот жұмысын қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.