Архив событий

07/08/2017

Сот борышкерді банкрот деп танудан бас тартты

07/08/2017

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «К» ЖШС-н банкрот деп тану туралы іс қаралды.

Істі қарау кезінде сот борышкерде салық бойынша қарыздың мөлшері 10 000 000 теңге, 2015-2016 жылдар кезеңінде борышкердің екінші деңгейдегі банктік есеп айырысу шотында салықтық қарызын өтеуге жеткілікті ақшалай қаржаты болғаны анықталды.

Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы 35 сот бұйрығы шығарылды

07/08/2017

Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында  бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы 35 сот бұйрығы шығарылды.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға  кірісінің төрттен бір бөлігін, екі балаға үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға тең жартысы өндіріліп алынады.

В Бурабайском районном суде рассмотрены 903 административных дела в отношении граждан, совершивших административные правонарушения

07/08/2017

2017 жылдың 7 айында Бурабай аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты 903 әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулыларымен Бурабай ауданының 903 тұрғыны әкімшілік жауапкершіліктерге тартылып, оларға келесі әкімшілік жазалар қолданылды: 23 азаматқа ескерту, 297 азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды, 292 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан 233 азамат айырылды, 53 азамат Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберілді және кәмелетке толмаған 5 азаматқа қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары қолданылды.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

07/08/2017

Бурабай аудандық сотында қылмыстық іс бойынша куәгер болып табылатын, азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат Ж. сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен. Осыған байланысты, азамат Ж-ға қатысты сот приставы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырған.

Ақмола облысы соттарында істер тараптардың татуласуымен қаралуда

07/08/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер тараптардың татуласуымен және медиативтік келісім жасауымен  қаралуда.   

Мысалға, Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 18 азаматтық іс тараптардың татуласуымен қаралды, соның ішінде медиация тәртібімен 16 азаматтық іс, партисипативтік келісіммен 1 азаматтық іс және 1 қылмыстық іс кәсіпқой медиатордың қатысуымен медиация тәртібінде қаралды.

Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 403 әкімшілік іс қаралды

07/08/2017

Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 403 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде  353 әкімшілік іс бойынша  әкімшілік  жаза тағайындау туралы қаулылар шығарылған. 5 азамат ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 94 азаматқа әкімшілік айыппұл,  212 азамат әкімшілік қамаққа алынып, арнайы құқығынан 42 азамат айырылды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары балалардың құқығын қорғау бойынша аймақтық семинардың жұмысына қатысты

07/08/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айсұлу Жұматова және судья Бахытжан Жарылғасов «Заңмен байланыстағы адамдарды әлеуметтік қолдау аймағын құру, қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері: әйелдер мен балалар» бағдарламасы бойынша аймақтық семинарға қатысты.

Семинарды ұйымдастырушылар «Нұр Отан» партиясы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Право» қоғамдық қоры, ҚР бала құқықтары бойынша уәкілеттілік етуші, «Бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ-ы.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 7 айында 2 қылмыстық және 29 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

07/08/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 7 айында 2 қылмыстық және 29 азаматтық іс медиация тәртібімен реттеу бойынша қаралып, оның ішінде пилоттық жоба шеңберінде 18 азаматтық іс қаралған.

Сот қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

07/08/2017

Целиноград аудандық сотында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот анықтағандай, азамат Н. қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартыла тұра, адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын күйде, қайталап қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті ішкен.

Целиноград аудандық сотында Қазақстан Республикасының көші –қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 85 азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды

07/08/2017

Целиноград аудандық сотында ағымдағы жылдың 7 айында 691 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 85 әкімшілік іс Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының көші –қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін.