Архив событий

12/08/2017

Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

12/08/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Қылмыстық істің қысқартылуы қылмыстық жауапкершіліктің күшін жою туралы заңның енгізілуіне байланысты

12/08/2017

Жақсы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін азаматша Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Сот анықтағандай, азаматша Р. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 408-бабының 1-бөлігіне сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiрген азаматша Е-ні Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша қылмыстық  жауапкершілікке тарту туралы шағыммен сотқа жүгінді.

Есіл аудандық сотында азаматтық іс медиативтік келісім бекітумен қаралды

12/08/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың арасында медиативтік келісім келесі шарттар негізінде бекітілді: зайыбы өзінің талап арызынан бас тартты, ал  жұбайы отбасын сақтап қалу мақсатында, ерлі-зайыптылар құқықтарын тең сақтауын  және отбасы мәселелерін келісіммен шешуіне міндеттенді.

Талапкердің талап арызын беру кезінде мемлекетке төлеген баж салығы кері қайтарылды.    

Ақмола облыстық сотының төрағасы Аршалы ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізіп, азаматтарды қабылдады

12/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Аршалы ауданының белсенділерімен кездесіп, аудандық соттың судьяларымен жұмыс кеңесін өткізді және азаматтарды қабылдады.

Кездесу Аршалы ауданының  әкімдігінде өткізіліп, оған аудан әкімі, аудандық маслихат, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, БАҚ өкілдері, ҮЕҰ-ның өкілдері, адвокаттар, медиаторлар, сонымен қатар, судьялар және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Атбасар аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 27 шетел азаматтарына жаза тағайындады

12/08/2017

2017 жылдың 7 айында Атбасар аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 27 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Жарқайың аудандық сотында «Медиация рәсімін қолдануын дамыту» тақырыбында ҮЕҰ өкілдерімен «дөңгелек үстел» өтті

12/08/2017

Жарқайың аудандық сотында елімізде медиацияны дамыту шеңберінде судьялар, ҮЕҰ өкілдері мен кәсіпқой медиатордың қатысуымен «Медиация рәсімін қолдануын дамыту»  тақырыбында  «өңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында сот төрағасы Н.Костырев қатысушыларға кәсіпқой  медиатор А. Мейрманованы  таныстырды.