Архив событий

14/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы аудантұрғындары және белсенділерімен кездесіп,облыстың сегіз ауданында азаматтарды қабылдады

14/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыстың сегіз ауданының тұрғындары менбелсенділерменкездесу өткізіп, өңірдегі аудандық соттардың жұмыс жағдайымен танысты, сонымен қатар, соттарда азаматтарды қабылдады.

Атбасар аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қабылдау күніне орай «Дөңгелек үстел» өтті

14/08/2017

Атбасар аудандық сотының судьялары, ауылдық округ әкімдері, кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қабылдау күніне орай «Дөңгелек үстел» өткізді.  

«Дөңгелек үстелде» судья Әсел Жапарова барлық туындайтын даулар мен жанжалдар бойынша медиация институтын ауылдық округтер мен ауылдарда кеңінен қолдануын ұсынды.    

Шортанды аудандық сотында 527 сот бұйрығы шығарылды

14/08/2017

Бұйрық арқылы іс жүргізу оңайлатылған іс жүргізу болып табылады. Сот бұйрығын  өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Тараптар сотқа шақырылмайды, сот талқылауы жүргізілмейді.

Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылып, борышкерге жолданады.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында «Медиация туралы» ҚР Заңын қолдану тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

14/08/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында прокуратура органдарының өкілдері мен «Ақмола облысы бойынша медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің медиоторларының қатысуымен «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында «Медиация туралы» ҚР Заңын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Бұланды аудандық сотында азаматтық істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қаралды

14/08/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 144, 146 -баптарына сәйкес, судья істерді арыз қабылданған күннен бастап, бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот талап қою арызын іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.

Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді.

Бұланды аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 51 әкімшілік іс қаралды

14/08/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Сот қаулыларымен 25 құқық бұзушыға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түрінде жазалар тағайындалды

14/08/2017

Ақмола облысы  Егіндікөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 25  құқық бұзушыға әкімшілік жазалар тағайындалды. Оның ішінде  18  жүргізуші алкогольдік және 7  жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.

Сот қаулыларымен 25  құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы») көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түрінде  жаза тағайындалды.