Архив событий

17/08/2017

Астрахан аудандық соты өткізу режимі мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

17/08/2017

Астрахан аудандық сотында Мамандандырлыған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерінің қатысулармен «Өткізу және ішкі объектілік тәртіп» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізіліп, кездесу барысында аға сот приставы В.Тен осы тақырыпта баяндама оқыды. 

«Дөңгелек үстелде» өткізу және ішкі объектілік тәртіпті орнату кезіндегі туындайтын мәселелер талқыланды.

Ақкөл аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 42 әкімшілік іс қаралды

17/08/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Көкшетау қалалық соты айыппұлдарды өндіру және қоғамдық жұмыстарға тарту бөлігінде үкімдерді орындауды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

17/08/2017

Көкшетау қалалық соты айыппұлдарды өндіру және қоғамдық жұмыстарға тарту бөлігінде үкімдерді орындау мәселелері бойынша прокуратура, пробация қызметі, әділет департаменті өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысулармен «дөңгелек үстел» өткізді.       Көкшетау қалалық сотының төрағасы Ринат Шақуанов «дөңгелек үстел» жұмысын аша отырып, ҚР Конституциясына сәйкес, сот актілерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатынын атап өтіп, үкімдердің орындалуы жөнінде статистикалық мәліметтерді айтып өтті.

Ерейментау аудандық сотында иелену мерзіміне меншік құқығын тану жөнінде азаматтық іс қаралды

17/08/2017

Азаматша Н. иелену мерзіміне меншік құқығын тану жөнінде Ерейментау аданының әкімдігіне талап қою арызбен сотқа жүгінді.

Азаматша Н.өз талабында, пәтерді иелену туралы келісім-шартқа сәйкес, 1992 жылдың 22 қазанынан бастап үйдің ½ бөлігінің меншік иесі екенін, үйдің екінші жартысының иесі 2015 жылы қайтыс болған оның азаматтық күйеуі азамат Я. Болып табылатынын көрсеткен.

Астрахан аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлік құралын басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды

17/08/2017

Астрахан аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен теріс қылық жасағаны үшін азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай,  азамат Б. автомобиль құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра,  Қазақстан Республикасы Жол жүру Ережесінің 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік масаң күйінде көлік құралдарын басқарып, осы әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Сот шешімін орындамағаны үшін сот ер азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

17/08/2017

Астрахан аудандық сотында сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат Ш. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабында («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Есіл аудандық сотында 63 азаматтық іс сот бұйрығын шығарумен электронды форматта қаралды

17/08/2017

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған алиментті өндіріп алу туралы 28 сот бұйрығы, жеке тұлғалардан салық берешегін өңдіріп алу туралы 35 сот бұйрығы шығарылды. Барлық істер сот бұйрығын шығарумен электронды форматта қаралды.

Шортанды ауданының 7 тұрғыны көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарған

17/08/2017

Шортанды аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі») 7 қылмыстық іс қаралды.

Сот жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жаза тағайындады

17/08/2017

Бұланды аудандық сотында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыру түрінде жаза тағайындалды.

Есіл аудандық сотында азаматтық істер оңайлатылған(жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қаралды

17/08/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 144, 146-баптарына сәйкес, судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот талап қою арызын іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.

Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді.