Архив событий

18/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының ардагерлерімен кездесті

18/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Ақмола облыстық сотының төрағасымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндірілді.

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамның өлтірілгені туралы резонанстық іс бойынша үкім жарияланды

18/08/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бурабай ауданы Дмитриевка ауылының үш тұрғынын өлтіріп,  ұрлық жасап, мүлікті және жеке құжаттарды тонағандары үшін кәмелетке толмаған екі азаматқа қатысты  үкім жарияланды. Сот үкімімен сотталушының біреуіне 12 жыл,  ал екінші сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян мен материалдық залал өндіріліп алынды.  

Сандықтау аудандық сотында партисипативтік рәсім мәселелері талқыланды

18/08/2017

Сандықтау аудандық сотында сот төрағасының м.а. Л.Ж. Сексенбаевамен Сандықтау ауданының заңгерлік кеңес бөлімінің адвокаттарының қатысуларымен «Медиация және партисипативтік рәсім» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 7 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті

18/08/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Арқа ажары» газетінің өкілі Қ. Жүсіптің қатысуымен 2017 жылдың 7 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Айсулу Жуматова ағымдағы жылдың 7 айында сот қызметі оң нәтижелер көрсеткенін атап өтті. Сотпен 274 азаматтық, 279 әкімшілік және 42 қылмыстық іс қаралған.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолданумен 29 азаматтық және 2 қылмыстык іс қаралған.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді

18/08/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Жарылғасов БАҚ өкілдерінің қатысуымен азамат В-ға қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді.

Сот анықтағандай, Зеренді аудандық сотымен 2011 жылдың 5 қарашасында, кәмелетке толмаған ұлын күтіп бағу үшін, азамат В-дан жалақысының ¼ бөлігінен алиментті өндіріп алу туралы шешім шығарылған. Алайда В. алиментті төлеуге асықпаған. Алиментті өндіріп алу туралы сот актісін орындамағаны үшін, ол әкімшілік қамаққа алу жазасына тартылған.

Бұланды аудандық сотында жүргізуші жол- көлiк оқиғасымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

18/08/2017

Бұланды аудандық сотында жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, материалдық залал келтірілгені үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық сотында медиация институтын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/08/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық сотында «Ювеналдық сотының соттылығындағы істерді қарау барысында медиацианың рөлі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Ақмола облысының білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы, медиаторлар, Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Ақмола облысының адвокаттар коллегиясының өкілі және НұрОтан» партиясының Ақмола облысы Жас Отан» жастар қанаты филиалы төрағасының орынбасары қатысты.

Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

18/08/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Жақсы аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы азаматтарға қатысты 24 әкімшілік іс қаралды

18/08/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.