Архив событий

21/08/2017

Степногорск қалалық сотында 37 азаматтық іс сот бұйрығын шығарумен электронды форматта қаралды

21/08/2017

Степногорск қалалық сотында 2017 жылдың 7 айында кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған алиментті өндіріп алу туралы  16 сот бұйрығы және  байланыс қызметі бойынша берешекті өңдіріп алу туралы 21 сот бұйрығы шығарылды. Барлық істер сот бұйрығын шығарумен электронды форматта қаралды.

Астрахан аудандық сотында қоғамдық жұмыстарға тартылу түрінде жазаны орындау туралы мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

21/08/2017

Астрахан аудандық сотында қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны орындау туралы мәселелерді талқылау бойынша Астрахан аудандық сотының судьяларымен, Астрахан аудан аппаратының басшысының, Астрахан аудандық әкімінің, Астрахан аудандық пробация қызмет бөлімінің  басшысының қатысуларымен «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесу барысында сот төрағасы А.Ан «Қоғамдық жұмыстарға тартылу түрінде жазаны орындау» тақырыбында баяндама оқыды.