Архив событий

22/08/2017

Көкшетау қалалық сотында «дөңгелек үстел» өткізіледі

22/08/2017

2017 жылдың 24 тамызында сағат 15.00-де Көкшетау қалалық сотында «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізіледі.

 Іс-шараға судьялар, прокуратура өкілдері, Әділет Департаменті, жеке сот орындаушылар Палатасының өкілдері қатысады.      

Есіл аудандық соты көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 112 азаматқа қатысты әкімшілік іс қарады

22/08/2017

Есіл аудандық сотында көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 112 әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, 112 азамат алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Атбасар аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік іс мемлекеттік тілде қаралды

22/08/2017

Атбасар аудандық сотында Өзбекстан Республикасының 11 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары көші-қон карточкасында тіркелу кезінде жүзеге асырылатынын қызмет түрін көрсетпей, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Астрахан аудандық сотында «Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаның орындалуы» тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті

22/08/2017

Астрахан аудандық сотында судьялардың, аудан әкімі аппаратының басшысының, Астрахан ауылдық әкімінің, Астрахан аудандық пробация қызмет басшысы орынбасарының қатысуларымен «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның орындалуы»  тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

Астрахан аудандық сотының  төрағасы Алексей Ан  аталған тақырыпта баяндама жасады.