Архив событий

23/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Көкшетау қаласының белсенділерімен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылады

23/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Көкшетау қаласының әкімдігінің ғимаратында қала белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, селолық округтердің әкімдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, медиаторлар, ардагерлер мен жергілікті соттардың төрағалары, сонымен қатар БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Бурабай аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 83 шетел азаматтарына жаза тағайындады

23/08/2017

2017 жылдың басынан Бурабай аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғыстан, Грузия және Беларусь Республикасының 83 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

23/08/2017

Бурабай аудандық сотында қылмыстық іс бойынша сотталушы болып табылатын, азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат М. сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен. Осыған байланысты, азамат Ж-ға қатысты сот приставы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырған.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін азаматтарға әкімшілік жаза тағайындады

23/08/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 8 азаматқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аталған азаматтар сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен. Осыған байланысты, 8 азаматқа қатысты сот приставы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырған.

Ақмола облысы соттарында істер татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралуда

23/08/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде медиация институты белсенді түрде қолдануда.

Мысалға,Целиноград аудандық сотында кәсіби медиатордың қатысуымен,  адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғынүйге заңсыз кiрумен ұрлық жасағаны үшін азамат Ә-ға және азаматша Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қорғалжын аудандық сотындамедиация тәртібімен 7 азаматтық іс қаралды.